Елімізде алдағы күндері ауа-райы құбылмалы болмақ
«Қазгидромед» РМК Қазақстан бойынша 2021 жылдың 16-18 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты құбылмалы ауа райы қалыптасады: Қазақстанның басым бөлігінде — жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде қар түрінде тұман, көктайғақ, сондай-ақ бұрқасын болжанады.
17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен, республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.
Ауа температурасының солтүстік-батыста түнде 12…17 аязға, күндіз 7…12 аязға дейін, солтүстікте, орталықта түнде 13…20-ға дейін, күндіз 5…15-ке дейін аяз, шығыста түнде 6…18-ге дейін, күндіз 1…10-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5…13-ке дейін аяз, күндіз 5 аяз–5-ке дейін жылу.