БЖЗҚ зейнетақы қызметтерінің 92,2% онлайн форматта жүзеге асырылды
БЖЗҚ зейнетақы қызметтерінің 92,2% онлайн форматта жүзеге асырылды, бұл шамамен 9,86 млн.операцияларды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 15,2% өсті. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram каналы хабарлады.
Қор бөлімшелерінің көп бөлігі үйреншікті күндізгі қызмет көрсету режиміне оралды. Қазіргі уақытта 198 қызмет көрсету орны алдын-ала жазылу бойынша күндізгі, 7-еуі байланыссыз, 7-еуі қашықтықтан жұмыс істейді.
Күндізгі режимде қабылдауға жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз.
Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттық екі техникалық үзіліс қарастырылған.
БЖЗҚ келесі қызметтерін сайттағы «Жеке кабинетте» немесе мобильді қосымша арқылы онлайн түрінде алуға болады:
– жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) бойынша үзінді көшірме қалыптастыру;
– өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
– ЖЗШ/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы анықтаманы жаңа редакцияда алу;
– 1 немесе 2 топтағы мүгедектікті мерзімсіз белгілеуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;
– зейнетақы төлемдерін тағайындау және (немесе) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштің мәртебесін қадағалау.