Бизнесмен Ертаевтың ісі соттың қарауына берілді

Жарияланды (жаңартылды )
Іс бойынша тыңдаулар 12- желтоқсанда басталады

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында 12-желтоқсанда экс-банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтеді. Бұл турасында Azattyq Rýhy хабарлады.

Сот Роман Селицкий басты сот отырысын өткізуге негіздеменің қаншалықты жеткілікті екенін шешеді, сондай-ақ ол тараптардың өтініштерін қарастырады. 

2019 жылғы қазанда «BANK RBK» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің экс-төрағасы Жомарт Ертаевты қамауда ұстаудың тағы үш айға ұзартылғаны туралы хабарланған болатын.

Жомарт Ертаев Ресейде құрықталып, 2019 жылғы 15-наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Ол 2011-2017 жылдарда басқа тұлғалармен алдын ала келісе отырып, қызметтік лауазымын пайдаланып, «BANK RBK» Акционерлік қоғамынан 144 млрд теңгені жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 

Ертаевпен бірге ақша жымқыру бойынша 54 адам күдікке ілініп отыр, олардың арасында 40-тан астамы банктің топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлері – бұдан бұрын экстрадицияланған банк акционері Бақыт Ибрагим, Мәжінов, Туғанбай, Едігенев, Мамырбеков, Шәріпов және тағы басқалары бар.

Тергеу барысындағы шараларды жүзеге асыру кезінде 15 млрд теңге өндірілді және 48 млрд теңгенің мүлігі бұғатталды. Қазіргі таңда арнайы прокурорлар істі тергеуді аяқтап, процеске қатысушылар материалдармен танысуда. 

Естеріңізге салсақ, сәуірде Ресей ЦентроБанкі мәскеулік Тройка-Д Банкінің лицензиясын қайтарып алды, ал 2018 жылдың қарашасына дейін бұл банк басқармасының төрағасы белгілі қазақстандық бизнесмен Жомарт Ертаев болған-ды. Ол осы несиелік ұйымның бес пайыздық үлесіне ие болған. Ресейлік қаржы реттеушісі хабарлағандай, лицензияны қайтарып алуға банк басшылығы тарапынан жіберілген көптеген ереже бұзушылықтар себеп болған.

 

Сондай-ақ оқыңыз