Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Жарияланды
Президент ел тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter-інде қазақстандықтарға құттықтау қалдырды
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды, – деп жазды мемлекет басшысы.
Естеріңізге салсақ, бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтуде. 1991 жылғы 16-желтоқсанда еліміздің заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңес – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы республикаларының арасында тәуелсіздік туралы заңды ең соңғы болып қабылдаған-ды.