Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2020 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 7 халықаралық әуе рейсі келді.
799 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен – 297, анықтамасыз – 26;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен – 174; анықтамасыз – 13;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен – 116; анықтамасыз – 34;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 133; анықтамасыз – 5;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 20 желтоқсанында анықтамасыз келген 363 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.
Үндістан, Франция, Италия, Түркия, Австрия, Канада, Польша, Германия, Ирландия, Финляндия және Хорватияны қосқанда 20-дан астам мемлекет Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Мұның себебі COVID-19-дың жаңа, «британдық» – N501Y штамының анықталуы.