Алматыда карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды
Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қаулыда:
ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілгені белгілі болды.
Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүрізуді қамтамасыз етсін.
Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.