Онлайн сатып алу: қауіпсіздік қағидалары
Соңғы уақытта интернет-сауда цифрландырудың дамуына байланысты айтарлықтай өсуді көрсетіп отыр. Онлайн режиміндегі операциялар, оның ішінде тауарларды сатып алу күн сайын танымалдылыққа ие болуда. Интернет-сауданың өсу үрдісі көптеген бизнес құрылымдардың қашықтан жұмыс істеу форматына көшуіне және интернет-сатудың қосымша арналарын ашуына байланысты.Бұл туралы Fingramota.kz сайты хабарлады.
Алайда қауіпсіздікке қатысты кемшіліктер де бар. Белсенді дамып келе жатқан онлайн-сауда индустриясы аңғал азаматтардың қалталарын қағу үшін әртүрлі амалдар мен схемаларды қолданатын кибералаяқтардың назарынан тыс қалмайды. Қаржы ұйымдары іс азаматтардың дербес деректеріне қатысты болғанда аса қырағы болуды және өздерінің ЖСН, төлем карталарының немесе ұялы телефондарының нөмірлерін белгісіз интернет-ресурстарда қалдырмау қажеттігін бірнеше рет ескертеді.
Онлайн сатып алудың артықшылықтары
Желідегі сатып алу қолайлылық, уақытты үнемдеу, кең таңдау, бағаны бақылау және салыстыру сияқты көптеген артықшылықтарға ие. Көптеген жағдайларда интернет-дүкендерде тауарлар әдеттегі дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан, тиімді акциялар өте жиі өткізіледі және жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, егер сіз тауарды белгілі бір сомаға сатып алсаңыз, интернет-дүкендер тегін жеткізуді қамтамасыз етеді және сіз тауарды алған кезде төлем жасай аласыз.
Онлайн сатып алудың кемшіліктері
Алдау ықтималдығы. Суретте ұсынылған тауар шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондай-ақ онлайн сатып алудың басты кемшілігі – тікелей алдаудан бастап зиянды бағдарламалық қамтылымды таратуға және техникалық құрылғыларды бұзуға дейінгі қаржылық алаяқтық ықтималдығы. Сондықтан желіде кез келген қаржылық операцияларды жасау кезінде Сіз екі есе қырағы болуыңыз керек.
Онлайн сатып алуды жасар алдында және жеке деректеріңізді енгізбес бұрын қауіпсіздік қағидаларын еске саламыз:
Интернет-дүкендердердің түпнұсқалығын тексеріңіздер. Киберқылмыскерлер нақты сайттарға ұқсас немесе белгілі және ірі дүкендердің немесе брендтердің атын пайдаланатын жалған интернет-дүкендер жасайды. Интернет-алаяқтарға ұрынып қалмау үшін URL-мекенжайларды үнемі мұқият тексеріңіз, сертификатпен расталған қауіпсіз қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз. Браузердің мекенжай жолында URL алдында иконка құлыпшасы болуға тиіс. Ол сайттың әдеттегі http орнына https қорғалатын қосылуды пайдалатындығын білдіреді. Мынадай цифрларды қамтитын URL бар дүкенге сенуге болмайды, мысалы: http://66.102.7.104@65465.51456jD% – бұл алаяқтар болуы мүмкін.
Сатып алушылардан келген кері байланысқа талдау жасаңыз. Тауар туралы пікірлерді дүкеннің сайтынан ғана емес, сонымен қатар интернеттегі іздестіру арқылы да оқыңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкен қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне риза болмаған және ашулы адамдар саны көп болса, осы онлайн-дүкеннен сауда жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы ойланыңыз. Көп пікірдің жалған болуын, тапсырыспен жасалатындығын естен шығаруға болмайды. Нақты пікірлердің жалған пікірлерден ажырата біліңіз.
Төлем әдістерін таңдаңыз. Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем әдістерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде немесе аудару арқылы төлеуге болса, тіптен жақсы. Алайда, барлық сақтық қағидаларын сақтай отырып, Сіз сатушының адалдығына, URL-нің дұрыстығына көз жеткізіп, сатып алушылардан дүкен туралы пікірлерді оқып шықсаңыз, картамен де төлей аласыз.
Онлайн «құжатсыз» деген сөз емес
Қолма-қол ақшамен төлей отырып, сатып алушылар фискальдық чекті, жүкқұжатын, шот-фактураны және т.б. талап етуге құқылы. Сатып алушылар интернет-сатушылардан төлем шотын, жүкқұжатын талап етуге құқылы.
Сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы және шот келуге тиіс. Егер осы деректерді сіз алмасаңыз, онда тауарды/қызметті ұсынатын, компаниямен міндетті түрде хабарласуыңыз керек – мүмкін, техникалық іркіліс болған шығар, сондай-ақ сіздің алаяқтардың интернет-бетінде мәміле жасағаныңызға күдіктену үшін негіз болуы мүмкін.
Сатушының адал емес екенін растайын тағы да бір белгі – бұл ақы төлеу үшін Сізге картаның деректері арнайы төлем шлюзіне өтпей тікелей сайтқа енгізу ұсынылады немесе бір ғана нұсқа: картаның деректерін енгізу ұсынылады. Бұл жерде, кейбір сауда алаңдарының картаның көмегімен ғана, мысалы, дүниежүзілік Қытай алпауыты Alibaba Group сауда интернетінің Alipay төлем жүйесі арқылы төлеуді ұсынатынын нақтылау керек. Егер осындай жалпыға белгілі халықаралық сауда алаңдарын ескермесек, онда, егер Сіздің таңдауыңызға төлеудің әртүрлі тәсілдері ұсынылғаны дұрыс болады. Электрондық пошта бойынша өтетін барлық чектер мен ақы төлеу растамаларын қағазға басып шығарып, сақтаңыз.
Өзіңіздің байланыс құралыңызды пайдаланыңыз
Wi-Fi-ға қол жеткізудің қоғамдық нүктелері ерекше қауіп төндіреді. Wi-Fi интернет-кафе және құрылғыларды сізден басқалар пайдаланатын басқа орындар арқылы Интернет-шопингтен бас тартқан дұрыс. Көп жағдайда сол қоғамдық желілерде қаскүнемдер бөтен деректерді іздеп-бағып отырады.
Егер сіз балаңызға өз гаджетіңізді пайдалануға рұқсат етсеңіз, баланың кездейсоқ онлайн -сатып алуы немесе ақылы ойындарды жүктей алмауы үшін төлем картаңыз байланған барлық аккаунттардан шыққаныңызға көз жеткізіңіз. Өкінішке орай, дәл осындай сатып алулар үшін ақшаны қайтару мүмкін емес немесе өте қиынға соғуы мүмкін, өйткені алаяқтық фактісі болған жоқ. Өз компьютеріңіздің және (немесе) мобильді құрылғыларыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын орнату және уақтылы жаңарту, оларды мезгіл-мезгіл ауыстыратын күрделі парольдерді пайдалану, компьютерде немесе мобильді құрылғыда сезімтал деректерді ашық түрде сақтамаңыз).
Онлайн-сатып алулар үшін жеке картаны пайдаланыңыз
Интернетте сатып алу үшін жеке банктік карта ашыңыз, оны тек осындай сатып алулар үшін ғана пайдаланатын боласыз және ол жалақы немесе жинақ шотына тіркелмеген болады. Виртуалдық картаға ақшаны тек сатып алардың алдында ғана аударыңыз, ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілей аласыз.
Интернет желісінде (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.) жеке және банктік деректерді жарияламаңыз, өз деректеріңізді тексерілмеген компанияларға немесе адамдарға телефонмен немесе электрондық поштамен хабарламаңыз.
Тексерілмеген немесе күдікті адрестерден келіп түскен электрондық хаттарды ашпаңыз және сізге электрондық поштамен, әлеуметтік желілерде немесе SMS-пен сенімді емес көзден жіберілген сілтемелерге өтпеңіз.