ҚР Энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер енгізуге бастамашылық етеді

Жарияланды
Өзгерістер көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану

Өзгерістер көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар өткізудің ашықтығын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев мәлімдеді. 

 

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәуелсіздік жылдарында Министрлік алғаш рет жер қойнауын пайдалануға электрондық аукцион өткізуді ұйымдастырды. Аукцион арқылы жерді иелену емес, уақытша жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өткен жөн. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекспен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы жер қойнауын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралатын болады. 

 

2020 жылғы 23 желтоқсанда өткен бірінші электрондық аукцион бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 61 млрд.теңгеге 8 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды. Сағыз, Қарабау, Бегайдар, Балқұдық және Қошалақ учаскелері бойынша аукционның 5 жеңімпазынан 1,5 млрд.теңге сомасында қол қою бонустары келіп түсті, барлық учаскелер бойынша келісімшарттар жасалды. Сарайшық және Забурунье учаскелері бойынша 59,6 млрд.теңге сомасындағы қол қою бонустары бюджетке түспеді. Қазіргі уақытта көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның осы учаскелер бойынша жеңімпазы туралы шешімі жойылды, учаскелер аукционға қайта қойылатын болады. 

 

2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші аукционның қорытындысы бойынша бюджетке түскен 10 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы шамамен 9,3 млрд теңгені құрады және бүгінгі күні барлық объектілер бойынша келісімшарттар жасалды. 

 

Екі электрондық аукцион өткізу нәтижесінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске электрондық аукцион өткізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда: 

– қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес мөлшерде аукционға қатысушылардың кепілдік жарнаны енгізуі; 

– аукцион жеңімпазы қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, екінші қатысушыны аукцион жеңімпазы деп тану; 

– жылына 2 реттен артық емес аукцион өткізуге шектеуді алып тастау мәселесі пысықталуда. 

Сондай-ақ оқыңыз