Әлемде мұнай бағасы қымбаттады
Жарияланды
Қара алтынның бір баррелінің құны 53 доллардан асты
Брент маркалы қара алтынның бір баррелінің құны 53 доллардан асып кетті. Бұл былтырғы 4 наурыздан бері тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Дабл-Ю-Ти-Ай» маркалы мұнай да қымбаттап, бір баррелінің бағасы 49,5 долларға дейін жетті. Нарықтағы ахуал ОПЕК отырысы алдында жақсарып келеді.Басқосу алдағы сағаттарда өтуі тиіс. Қатысушылар ақпанда мұнай өндіру деңгейін арттыру мәселесін талқылайды. Алайда кейбір сарапшылардың пікірінше, ОПЕК өзгерістер енгізбей, келесі айда да қаңтардағы көрсеткіштерді сақтап қалуы мүмкін.