Сақтандыру шартына қандай мәселе кіреді

Жарияланды
Оны қалай дұрыс оқу керек?

«Сақтандыру шартын оның барлық ерекшелігін зерделемей жасадым. Сол кезде мен үшін сақтандырудың болуы маңызды болды, ал шарттың талаптарына аса мән бермедім. Кейінірек мен мүлдем келіспейтін мәселелердің бар екенін байқай бастадым. Мысалы, сақтандыру сомасының мөлшері. Өкінішке орай, артқа шегінерге жол жоқ, шарт жасалып, оған қол қойдым», – деп Алматы қаласының тұрғыны студент Артур Бондаренко өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.

Сақтандыру шарты деген не?

Сақтандыру шарты – сақтандыру ұйымы арқылы сақтандырушы және жеке тұлға (азамат) немесе заңды тұлға (компания) арқылы сақтанушы арасында жасалатын құжат, оның талаптарына сәйкес сақтандырушы шартта көзделген сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтанушыға төлем жасауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Cақтанушы сақтандыру ұйымына (сақтандырушыға) сыйлықақы төлейді, ал сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға қажетті төлемдерді жүргізуге өзіне міндеттеме алады.

Шартта қандай мәселелер қамтылуға тиіс? 

Сақтандыру туралы шарт сақтандырушы жөнінде, сонымен қатар сақтанушы жөнінде, сондай-ақ олардың арасында жасалған мәміленің мән-жайы кіретін ақпаратты қамтиды.

Клиенттің аты-жөні мен сақтандыру компаниясының атауынан басқа, құжатқа заңнамаға сәйкес Тараптардың барлық қажетті деректемелері енгізіледі: 

мекенжайлары (орналасқан жерлері);
сақтандырушы мен сақтандыру агентінің (ол бар болса) байланыс нөмірлері;
БСН және ЖСН, сондай-ақ басқа да мәліметтер.
 Шартта міндетті түрде:

сақтандыру объектісі;
сақтандыру жағдайлары;
валюта түрлері;
сақтандыру сыйлықақысын және сол сияқты сақтандыру төлемін де жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері және олардың мөлшері;
болған жағдайда жеңілдіктер мен шегерімдер көрсетіледі;
сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы;
сақтандыру полисінің жасалған күні және қолданылу мерзімі;
егер бұл сақтандырушының бланкісіндегі қағаз нысан немесе дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі болса (электрондық нысанда), оның нөмірі;
сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімі көрсетіледі;
сақтандыру полисінің қолданылу аумағы көрсетіледі.
Сондықтан сақтандыру шартына қол қоймас бұрын оның мазмұнына, оның құрамына не кіретініне, онда қандай маңызды мәселелер көрсетілетініне назар аудару қажет.

Сақтандыру шартының талаптарына ерекше назар аударыңыз
Сақтанушы шарттың барлық талаптарын зерттемей, құжатқа қол қоятын жағдайлар жиі болады. Кейіннен ол шартта өзі келіспейтін тармақтар бар екенін түсінеді. Мысалы, бұл сақтандыру сомасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері болуы мүмкін.

Сондықтан сақтандыру шартын жасамас бұрын, оның сіздің мүдделеріңізге сәйкестігі жөніндегі талаптарын егжей-тегжейлі зерделеңіз. Сақтандырушының өкілінен қолайсыз оқиғалардан қорғалғаныңызға сенімді болу үшін күмән тудыратын шарттың ережелері туралы түсініктеме беруін сұраудан тартынбаңыз.

Шартқа оның барлық талаптарымен келіспейінше қол қоймаңыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз