Ресей қазақстандықтарды Қытайдан эвакуациялауға көмектеседі

Жарияланды
РФ Әуе-ғарыш күштерінің ұшағы ҚХР-ге ұшып кетті

Ресей Қытайдағы Уханьнан өз елінің, Қазақстанның, Беларусьтің және Арменияның азаматтарын эвакуациялайды, деп хабарлайды «РИА Новости».

Ресейдің Қытайдағы елшісі Андрей Денисов ТМД  елдерінің ұшаққа сыйған барлық азаматтарын увакуациялайтынын мәлім етті. 

«Бұл жерде барлығы біздің ниетімізге емес, мүмкіндігімізге тіреліп тұр, өйткені, өкінішке қарай, барлығы бірдей ұшаққа сыймайды», – деді Денисов.

Сондай-ақ ол ол эвакуация мәселесі бойынша Украина үкіметімен байланыстың жоқ екенін айтты.

«Егер басқа елдермен біз үнемі байланыста болып, телефон арқылы сөйлесіп тұрсақ, Украинамен, белгілі себептерге сәйкес, ондай қатынас жоқ, бірақ Украинадан келген біреулердің болуы мүмкін. Алайда ондайлар бірен-саран ғана, бізден жаппай көмек сұрау болған емес», – деп мәлімдеді Ресей елшісі.

Сонымен қатар, 4-ақпанда адамдарды эвакуациялау үшін Қытайға Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштерінің алғашқы ұшағы ұшып шыққаны туралы хабарланды.

Естеріңізге салсақ, коронавирус инфекциясының эпицентрі  Қытайдың Ухань қаласы болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыз