Қазақстан түрмелеріндегі сотталушылар саны 2 есе азайған
Жарияланды
Еліміз осыдан 18 жыл бұрын АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірген еді
Соңғы тоғыз жылда Қазақстанда түрмедегі адамдардың саны 2 есеге азайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
Сондай-ақ ол, «Сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте» Қазақстан 100-орында тұрғанын атап өтті.
«Қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында соңғы тоғыз жылдың ішінде түрмедегі сотталушылар саны іс жүзінде 2 есеге, 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендеді. «Сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте» Қазақстан 100 орында тұр. Осыдан 18 жыл бұрын еліміздің АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірген еді»,- деді Жанат Ешмағамбетов.