Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстер ашады
Жарияланды
4 қазаннан бастап
2021 жылғы 4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында 4 тұрақты рейс ашады. Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.