Қытай коронавирустың таралуына АҚШ әскерлерін кінәлайды

Жарияланды 13 Наурыз 2020 04:15

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Сыртқы істер министірлігінің өкілі Чжао Лицянның айтуынша, АҚШ әскерінің Қытайда коронавирустың таралуына қатысы болуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

«АҚШ-та бірінші науқас қашан пайда болды?  Қанша адам жұқтырған? Қай ауруханалар? Бұл індетті Уханға әкелген АҚШ әскери күштері болуы мүмкін. Шындықты айтыңыздар! Деректеріңізбен бөлісіңіз! АҚШ түсіндіруі керек! »,-деп жазды Лижиан Twitter парақшасында.

Коронавирус Уханда 2019 жылдың желтоқсан айында тараған. ДДСҰ мәліметтері бойынша 118 мыңнан астам адам жұқтырған, шамамен  қайтыс болғандар саны 4,3 мыңға жетті.
 

Сондай-ақ оқыңыз