Ресурстар

Байланыс операторлары үшін радиожиілік құны арзандауы мүмкін

Министр Асқар Жұмағалиев салық жеңілдіктері туралы айтты

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәжілістегі үкімет сағаты барысында ұялы байланыс операторлары үшін радио жиіліктерге қолжетімділік мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы айтып берді.

«Республикалық бюджет комиссиясы мен экономика және қаржы министрліктері ұялы операторлар радио жиіліктер үшін төлейтін салық төлемдерін белгілі мөлшерде төмендетуді қолдады. Жақын арады аталмыш заң жобасы парламенттің қарауына түседі», – деді Жұмағалиев

Осы орайда, ол парламентарийлердің осы ұсыныстарды қолдайтынына сенім білдірді, өйткені, шын мәнінде, «қазіргі таңда бұл шығындар өте қомақты». 

«Әлемде белгілі субсидиялар, кейбір жағдайларда салық жеңілдіктері қарастырылған. Өз тарапымыздан біз салық жеңілдіктерін таңдадық», – деді жағдайды түсіндірген министр.