23-қазанда ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз-қызметі.
«Арнайы операция нәтижесінде, қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283-бабының 2-бөлігіне сәйкес, «радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» деген күдік келтірілді», –делінген хабарлама.
Ядролық физика институты мамандарының сараптамасы бойынша, қылтыстық топтан алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып шыққан. Бұл заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті заттарды қылмыстық топ ванадий кен орнын игеріп жатқан кәсіпорыннан ұрлаған.
«Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай, жария етілмейді»,– дейді ҰҚҚ.