Ресурстар

Тоқаев шетелдіктерді міндетті түрде тіркеуді алып тастауды қолдады

Бұл туристер мен инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді

Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі бойынша, Қазақстанда шетелдіктер үшін көші-қоң полициясы органдарындағы міндетті тіркелуді алып тастаған жөн, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.

«Егер біз, шынымен, ірі қалалардың, жалпы, елдің ивестициялық және туристік тартымдылығын күшейткіміз келсе, онда қысқа мерзім ішінде шетелдіктердің көші-қоң полициясы органдарындағы міндетті тіркелуі сияқты анахронизмнен құтылуымыз керек», – деп мәлім етті Тоқаев сейсенбіде Алматыда мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесіне арналған жиында.

Оның пікірі бойынша, міндетті тіркеу шетелдік қонақтарға түрлі қолайсыздықтар тудырғаннан бөлек, сыбайлас жымқорлықтың үлкен бастауы болып табылады, ал бұл еліміздің абыройы мен беделіне елеулі нұқсан келтіреді.

«Шекара бақылауынан өтудің өзі – көші-қоң тіркеуі емес пе», – деген ол, үкімет бұл мәселені жыл соңына дейін шешу керек деді