Түркияда «қонақүйде тұру салығы» енгізілмек

Жарияланды
Бұл ереже 2020 жылғы 1-сәуірден қолданылады

Түркияда 2020 жылғы 1-сәуірден туристердің отельдерде тұрғаны үшін салық салынбақ, деп, хабарлайды Ресей туроператорлары қауымдастығына сілтеме жасаған РБК  агенттігі.

Бұл салық саяхатшылардың қонақ үйде орналасуына ғана емес, сондай-ақ оларға көрсетілетін қызметтерге: тамақтану, бассейн, түрлі ойын-сауық шаралары үшін де салынбақ.

Оның көлемі туристерге көрсетілген барлық қызмет құнының 1 пайызын құрайды.

Туроператорлар қауымдастығының мәліметтері бойынша, бұл салықты туристер емес, жергілікті қонақүйлер, отельдер мен кемпинг, қонақ күтетін үй-жайлардың иелері төлейтін болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз