Түркияда 2020 жылғы 1-сәуірден туристердің отельдерде тұрғаны үшін салық салынбақ, деп, хабарлайды Ресей туроператорлары қауымдастығына сілтеме жасаған РБК агенттігі.
Бұл салық саяхатшылардың қонақ үйде орналасуына ғана емес, сондай-ақ оларға көрсетілетін қызметтерге: тамақтану, бассейн, түрлі ойын-сауық шаралары үшін де салынбақ.
Оның көлемі туристерге көрсетілген барлық қызмет құнының 1 пайызын құрайды.
Туроператорлар қауымдастығының мәліметтері бойынша, бұл салықты туристер емес, жергілікті қонақүйлер, отельдер мен кемпинг, қонақ күтетін үй-жайлардың иелері төлейтін болады.