Бас прокуратура Қазақстандағы террористік актілер туралы айтып берді
Жарияланды
Соңғы төрт жылда олардың саны үштен бірге қысқарған
Соңғы төрт жылда Қазақстандағы экстремистік және террористік ақылмыстардың саны үштен бірге қысқарған. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.
«Соңғы жеті жылда елімізде тоғыз лаңкестік актілері жасалып, олар мелекетке елеулі зардаптар әкелді. Статистика көрсетіп отырғандай, соңғы төрт жылда экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстардың саны 35% қысқарған», – деді Жақыпбаев.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге осы құбылыстарға тойтарыс беру үшін қолданылған кешенді шаралар нәтиже берді, оның ішінде, аталмыш қауіпке қарсы күрестегі халықаралық әріптестік шеңберіндегілер.