Ресурстар

Қазақстан «Бәйтерек» ғарыш кешеніне қатысты құжатты бекітуге дайын

Ұшу сынақтары 2022 жылға жоспарланған

Мәжіліс  депутаттары «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін құру туралы  ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Келісімге толықтыру мен өзгертулер енгізу туралы» Хаттаманы қабылдап, сол бойынша жұмысты бастады.

«Комитет (экология және табиғатты пайдалану комитеті– «Курсив») құжатты қабылдап, 2020 жылғы 30-қыркүйекке дейін қорытынды беруге дайын», – деді депутат Глеб Щегельский.

Айта кетсек, хаттамаға 2018 жылғы 22-тамызда Мәскеуде қол қойылған. Бұл құжатта «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін пайдалану жөніндегі жобаны жүзеге асырудың негізгі талаптары жазылған.

«Хаттама ережелеріне сәйкес, Ресей тарабы зымыран тасымалдағышты құруды қаржыландыруы тиіс. Ал Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағының жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыруы керек.

Бұл хаттама «Зенит-М» нысандарын жалдаудан шығаруды, оларды  Қазақстан тарапына беруді, орта санаттағы зымыран тасымалдағыштарға көшуді және ұшу  сынақтарын 2022 жылы бастауды қарастырады.