Маңғыстау облысы мемлекеттің кірістер департаменті экономикалық тергеу басқармасының ақпараты бойынша, «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-де, «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-і мен оның Мүнайлы ауданы бойынша филиалында, Жаңаөзеннің «Электр жүйелері» компаниясында басшы қызметтерде болған лауазымды тұлғалар қамауға алынған.
«ҚР Қылмыстық кодексі 262-бабының 1- және 2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген (Ұйымдасқа қылмытық топты (ҰҚТ) құру және оған басшылық жасау, сондай-ақ оған қатысу). Тергеу деректері бойынша ҰҚТ екі мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – «Өзен ЭнергоСервис» и «Маңғыстауэнерго» – арқылы тұтынушылар электроэнергиясы үшін төлеген 90 млн теңгеден астам қаржыны ұрлап, мемлекетке залал келтірген», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық МКД экономикалық терге басқармасындағылар.
Қазір күдіктілер Ақтаудағы уақытша қамау абақтысында қамауда жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат айтылмайды.
Естеріңізге салсақ, былтыр Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауларда қала тұрғындары нарықта энергиямен қамтамасыз ететін «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-нің пайда болғанына наразылық білдірген болатын. Ақтаулықтар ҚР президенті атына жазылған хатқа қол жинаған еді.
Үстіміздегі жылғы мамырда қала тұрғындары электрэнергиясының тарифтерін қайта қарауды және одан жұмыс істемейтін атом реакторының күтіміне алынатын ақыны алып тастауды талап еткен болатын. Ал 2019 жылғы қыркүйекте ақтаулықтар ТОО «МАЭК-Казатомпром»ЖШС-нің тарифтері көтерілуіне байланысты минтингтерге шығуға дайындалған-ды….