Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады?

Жарияланды
Статистика комитеті 2019 жылғы ІІІ тоқсандағы көрсеткіштерді жариялады

2019 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық еңбекақысы 191 129 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті. 

Ең жоғары еңбекақыны қаржы және сақтандыру салаларының қызметкерлері алады екен: айына – 484,6 мың теңге (республикадағы орташа айлықтан 2,5 есе көп). 

Кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазумен айналысатындар айына 418,0 мың теңге (2,2 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте жүргендер – 334,1 мың теңге (1,7 есе көп) еңбекақы алса, құрылыс саласының мамандарының еңбекақысы 257,7 мың теңге айналасында. 
Ең төменгі еңбекақыны білім беру саласының мамандары алады, орташа есеппен, айына –122,1 мың теңге, бұл республикадағы орташа жалақыдан 36,1 пайызға төмен. 

Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең жоғарғы еңбекақы Атырау облысында тіркелген – 361,5 мың теңге, бұл республикалық орташа көрсеткіштен, шамамен, 1,9 есе көп. Ал Түркістан облысында орта айлық еңбекақы 122,8 мың теңге көлемінде қалыптасқан,  бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8%-ға төмен. 

Атаулы еңбекақы индексі өткен жылдың тиісті тоқсанына қатысты 118,1%, ал нақты еңбекақы индексі 112,0% құраған.

1_58.png

Сондай-ақ оқыңыз