ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның брифингінде Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақсиандықтың ісіне қатысты пікір білдірді.
Ресми өкіл іс бойынша тергеудің аяқталып, тергеу материалдарының сотқа жіберілгенін хабарлады. Іс бойынша алғашқы тыңдалым қарашаның ортасында өтеді деп жоспарланып отыр.
«Ертең ол өзі жалдаған жеке адвокатпен кездеседі», – деді Айбек Смадияров.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда бала қағуға жол берген еді. Апат орын алғаннан кейін, ол оқиға орнынан, ал келесі күні елден кетіп қалған.
Алайда артынан ол өз еркімен Сеулге қайта оралып, тергеу изоляторына қамалған.