АҚШ Президенті Ақ үйде журналистермен болған сұхбат барысында «Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деді»,–деп хабарлайды Fox News-ке сілтеме жасаған «РИА Новости» агенттігі.
Америка Құрама Штаттарының басшысы, сонымен қатар, Украина және Қытаймен де жақсы байланыс орнатқанын атап өтті.
«Адамдар менің қалай жақсы тіл табыса алатынымды (өзге елдермен) түсінбейді», – деді Трамп.
Өткен аптада Америка бұқаралық ақпарат құралдары Трамп әкімшілігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріне сілтеме жасай отырып, оның Киев билігін аса жақтыра қоймайтыны туралы жазған еді. Президенттің олар демократтармен әріптестік орнатып, 2016 жылғы сайлау алдындағы науқан кезінде оған зиян келтіруге ниеттенген деп күдіктенгені айтылған.