Президент 12 жылдық білім беру жүйесі туралы пікір білдірді

Жарияланды
Ол талапқа сай білім бермейтін жеке ЖОО-ларды лицензиясынан айыруды қолдайды

Білім және ғылым министрінің есебін тыңдаған  Қасым-Жомарт Тоқаев он екі жылдық білім беру жүйесіне біртіндеп, дайындықпен көшу қажеттігін атап өтті.  

Мемлекет басшысы Туиттердегі жеке парақшасында: «Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың есебін тыңдадым. Оқыту деңгейі талапқа сай емес жеке ЖОО-ларды лицензияларынан айыруға қатысты жұмысты жалғастыру керек. 12-жылдық орта білім жүйесіне көшу мәселесін де талқыладық. Бұл жұмысты біртіндеп, дайындықпен іске асыру қажет», – деп жазды.

Бұған дейін Қазақстан 12-жылдық білім беру жүйесіне қашан көшетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз