Ресурстар

Бердібек Сапарбаев халықтың табысын көтеру жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

Жамбыл облысының тұрғындары оны сұрақтың астына алды

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысын жұмыс сапарымен аралап, Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесті.

Медбике Айнұр Әбдірасылованың айтуынша, ауданда халық арасында тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша ақпараттық жұмыс атқарылуда, осы мақсатты жүзеге асыру үшін, медицина мекемесінің қызметкерлері ауылдағы әр отбасын аралап шыққан. Қазіргі таңда 1200-ге жуық адамның мәртебесі анықталды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов амбулаторияның кабинеттерімен таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттік және жеке әріптестіктің, сондай-ақ 2018-2019 жылдарда жобаларды оңтайландыру арқасында 95 елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар салынады. Сонымен қатар, мұндай жүйелі жұмыс үш млрд теңгеге жуық сомадағы бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде, мәртебелі қонақ аймақтағы денсаулық сақтау саласы жұмысының ахуалы туралы сұрады.

Ауыл клубында Бердібек Сапарбаев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Бас қосуда талқыланған басты мәселе халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған пилоттық жобаның аудандағы жүзеге асырылуының барысы болды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, өтініштері мен ұсыныстарын айту мүмкіндігіне ие болды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс істегісі келген адам оны жүзеге асырудың жолын табады деген болатын, деді өз сөзінде Қостөбе ауылының тұрғыны, білім беру саласының ардагері Мәрия Төлеуғалиева. – Жаңа іс ешқашан оңай жүзеге аспайды, бірақ біз ешнәрседен қорықпай, алға ұмтылуымыз керек, өйткені кез келген қиындықтарды еңсеруге болады, оның үстіне, мемлкет те үнемі қамқорлық танытып, өз халқына қолдау көрсетіп отырады. Қостөбе ауылының басқа тұрғындары сияқты мен де Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын көтеру жөніндегі жобаға толық қолдау білдіремін. Соның арқасында, ауыл адамдары қосымша табыс табу мүмкіндігіне қол жеткізді. Менің отбасымда осы жобаға қатысуға ниетті. Біз құс шаруашылығымен айналысып, құс еті мен жұмыртқа өндірмекшіміз. Осылай, біз өз табысымызды 300 мың теңгеге дейін көтеруді белгілеп отырмыз. Жобаға ауданның әр тұрғынының қатысқаны маңызды. Барлық ұйымдастыру мәселелерін қазір шешіп алу қажет, әсіресе, жер учаскелерін пайдалануға, техника, ғимарат сатып алуға, кооператив құруға қатысты мәселелерді. Бұдан бөлек, әр отбасының өзінің жеке әлеуметтік картасы болу керек. Халық бұл жобаны қолдады, мемлекет бастапқы қолдауды көрсетіп жатыр, енді бәрі жұмыс істеуге ниет білдіргендердің өз қолында», – деді сөзін түйіндеген Бердібек Сапарбаев.