Қазақстанда апортты қайта тірілтуге қол жеткізілді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ОКҚ-да өткен брифингте атақты Алматы апортын қайта тірілтуге қол жеткізілгенін хабарлады. Ол бұл мәселені бір мезетте шешу мүмкін емес екенін айтты, өйткені апорттың негізінде, отырғызылғаннан кейін жеті жыл өткенде ғана өнім беретін «Сиверса» алмасы жатыр.
«Біздің атақты Алматы апорты, оны қайта тірілту керек болатын, біз оған қол жеткіздік. Жалпы, бүгінгі күні инвесторларды тарта отырып, біз 20 мың гектарға бақ отырғыздық, оның еуропалық бақтардан еш жері кем емес», – деді Баталов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда осы бақтардың көлемін кеңейту мәселесі қарастырылуда.Елдің премьер-министрі Асқар Маминнің тарапынан тиісті тапсырма берілген.
«Қазір біздің қоймаларда алманың жылдық қоры жоқ. Оны толығымен сатып алып, тасып әкетті. Өйткені біздің алмалар ерекше… Мен жолға шығар алдында бір бизнесменмен кездестім. Ол айтты, Ресей және БАЭ (кәсіпкерлері – Курсив) дауласып, менің көзімше, алмамның бағасын аспандатып жіберді, деді», – деп түйіндеді аймақ басшысы.
Атап айтсақ, в 2011 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев апортты қайта тірілту бойынша нақты тұлғаларға тиісті тапсырма берген болатын.