ІІМ: Кексельге қатысты іс тоқтатылған жоқ

Жарияланды
Бұған дейін сенатор Қайрат Қожамжаров «іс тоқтатылды» деп мәлімдеген еді

ҚР Ішкі істер министрлігі «Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін қазіргі сенатор, бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельге қатысты істе қылмыс құрамы табылмаған соң, іс тоқталды деп мәлімдеген еді.

«Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы О.Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Іс тоқтатылған жоқ, тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр», – делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, сенатор Қайрат Қожамжаров сенат кулуарында Олеся Кексельге қатысты іс тоқтылғанын  мәлімдеген болатын:

«Сенбі күні оған іс тоқталығанын хабарлаған. Осындай ақпарат болды. Мен оны Кекселдің өзінен естідім. Тергеуші хабарласып, қылмыс құрамы жоқ болған соң, іс тоқталды деген».

Алайда сенатор бұл іс көпшілік арасында қызу талқыланып жатқандықтан, қайта қаралуы мүмкін екенін де айтып өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз