Жыл басынан бері таксопарктердің табысы 3 есе артқан

Жарияланды
Қазақстандықтар автобустан таксиге отырып жатыр

Таксопарктердің табысы жыл басынан бері 3 есе артты деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сондай-ақ, троллейбус (+40,8%), жүк көлігі (+10,6%), трамвай (+5,2%), метрополитен және басқа да көлік түрлерінің (+21%) табысы өскен. Ал автобус парктерінің табысы 4,8%-ға қысқарды.

Автокөлік және қалалық электр көлігімен  жолаушы тасымалы бір жыл ішінде 6%-ға өсіп, 215,4 млрд жолаушы-километрді құрады. Жүк айналымы 7,3%-ға артқан.

333.png

Жолаушылар тасымалының басым бөлігі – автобустардың үлесінде, бұл бағыттағы қаржы айналымы – 74,7 млрд теңге. Дегенмен, автобустардың жолаушы тасымалындағы үлесі 92,4 пайыздан 88,3 пайызға төмендеген. Есесіне, такси қызметінің үлесі 1,2 пайыздан 3,9 пайызға өскен. 2019 жылдың қаңтар-қазан аралығында такси қызметіндегі қаржы айналымы 3,3 млрд теңгені құраған.

2_65.png

Жолаушылар тасымалынан түсетін табыстың 1,7 және 1,5 млрд теңгесі троллейбус пен трамвайдың үлесіне келсе, өзге көлік түрлеріне 3,4 млрд теңге тиесілі екен.

1111_1.png

Сондай-ақ оқыңыз