Таксопарктердің табысы жыл басынан бері 3 есе артты деп хабарлайды Energyprom.kz.
Сондай-ақ, троллейбус (+40,8%), жүк көлігі (+10,6%), трамвай (+5,2%), метрополитен және басқа да көлік түрлерінің (+21%) табысы өскен. Ал автобус парктерінің табысы 4,8%-ға қысқарды.
Автокөлік және қалалық электр көлігімен жолаушы тасымалы бір жыл ішінде 6%-ға өсіп, 215,4 млрд жолаушы-километрді құрады. Жүк айналымы 7,3%-ға артқан.
Жолаушылар тасымалының басым бөлігі – автобустардың үлесінде, бұл бағыттағы қаржы айналымы – 74,7 млрд теңге. Дегенмен, автобустардың жолаушы тасымалындағы үлесі 92,4 пайыздан 88,3 пайызға төмендеген. Есесіне, такси қызметінің үлесі 1,2 пайыздан 3,9 пайызға өскен. 2019 жылдың қаңтар-қазан аралығында такси қызметіндегі қаржы айналымы 3,3 млрд теңгені құраған.
Жолаушылар тасымалынан түсетін табыстың 1,7 және 1,5 млрд теңгесі троллейбус пен трамвайдың үлесіне келсе, өзге көлік түрлеріне 3,4 млрд теңге тиесілі екен.