Ресурстар

Бас прокуратура Мәнізоровтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Қадағалаушы орган оған тағылған барлық айыптарды алып тастады

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов сенат қалтарысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтан айыптарды алып тастау жөніндегі шешімге қайта жасаған шағымына қатысты пікір білдірді.

Ол шағым жолдау – қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің құқығы екенін айтты. Атап айтарлығы, журналистерге жауап беру кезінде, ол екі орган бір бірімен келісе алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ екенін алға тартты.

«Ешқандай прецедент жоқ. Шағымдану – заңнамаға сәйкес олардың құқығы. Бұл әдеттегі жұмыс. Істің әр қатысушысы қанша шағымданса да, өзі біледі. Шешім қабылданып қойған», – деп дауап берді Ахметжанов.

Солай десек те, ол, егер ерекше орынды негіз болса, шешімнің қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. 

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер Мәнізоров ісі бойынша беріспейтіндіктерін мәлімдеген болатын.

Атап айтсақ, Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған еді. Оның 26-қыркүйекте ұсталғаны хабарланған болатын. Кейінірек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл фактіні растады.

Бағдат Мәнізоровқа қызметтік лауазымын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған-ды.