ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ҰҚКД-нің өкілетті қызметкеріне 2 млн теңге пара беру кезінде ҚХР-дің екі азаматын құрықтады, деп хабарлады ҰҚК-ның баспасөз қызметі.
Шетелдік Атырау облысында заңсыз мұмыс істеген. Пара әкімшілік іс бойынша сотта оң шешім шығару үшін берілген.
Сонымен қатар, Қытай азаматы комитеттің өкілетті қызметкеріне өзінің отандастарына жалпы қамқарлық жасағаны үшін ай сайын 200 мың теңге беріп тұруды ұсынған.
Құрықталғандар кінәләрін мойындаған жауап берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.