2019 жылдың осы мерзіміне дейін астанадағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында 25 тонна алтын аффинаждан өткен, деп хабарлады «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясының» баспасөз қызметі.
«2019 жылғы қарашада «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты өзінің жобалық қуатына шықты, зауыт жылына 25 тонна алтын өндіруге лайықталған. 12 айдың (2019 жылғы) қорытындысы бойынша 27 тонна металды аффинаждан өткізу жоспарланып отыр, бұл жоспардың 108%», – деп атап өтілген 28-қарашадағы баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз баянында.
Жұмыс істеген алты жылда зауыт 92 тоннадан астам алтынды аффинаждан өткіген.Өзінің алғашқы өнімін зауыт 2013 жылғы желтоқсанда шығарған болатын.Зауыт салуға тартылған инвестиция 5,5 млрд теңгені құрады.