Қазақстанда базарлар жаппай жабылып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазақстанда базарлар жаппай жабылып жатыр / Фото: Офелия Жакаева

Қазақстанда базарлар азайып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 588-ді болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 38-ге аз, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Қысқару жылдық көрсеткіште 6,1%-ды құрады.

Базарлардың басым бөлігі қалаларда шоғырланған. Базарлар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, мұнда 103 базар есептелген. Одан кейін 57 базары бар Алматы облысы және 53 базары бар Ақтөбе облысы келеді. Ең аз базар Ұлытау облысында тіркелген – бар болғаны алты нысан.

Сауда орындарының саны да азайып келеді. Бір жыл ішінде олардың саны 2024 жылғы 150,8 мыңнан 147,6 мыңға дейін қысқарды. Сауда нүктелерінің ең көбі Алматы қаласында шоғырланған – 26,5 мың. Үздік үштікке сонымен қатар Жамбыл (19,8 мың) және Алматы (17,2 мың) облыстары кіреді.

Меншік нысаны бойынша 265 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, тағы 323-і жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Барлық нысанның ішінде тоғызы коммуналдық, ал 323-і жабық базарлар бар.

Базарлардың көпшілігі әмбебап – 366, ал арнайы базар саны – 222. Сонымен қатар барлық базар дерлік бөлшек сауда сегментінде жұмыс істейді, тек 39-ы ғана көтерме саудаға жатады.

Сондай-ақ оқыңыз