Ресурстар

«Алматыметроқұрылыс» басшысы екі айға тергеу абақтысына қамалады

Алайда ол 25 млн теңге сомасындағы кепіл ақша төлесе, қамаудан босатылуы мүмкін

«Алматыметроқұрылыс» Акционерлік қоғамы (АҚ) иректорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов екі айға қамауға алынды.

«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен Қайрат Реимовке қатысты екі ай мерзімде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен бірге, осы сот 25 250 000 теңге немесе осы сомаға эквивалентті басқа мүлікті кепілзат түрінде белгіледі. Қайрат Реимов осы кепілзатты құятын болса, ол қамауда ұстаудан боастылады», – деп хабарлады Kursiv.kz тілшісіне Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік департаментінің баспасөз қызметінде.

Естеріңізге салсақ, Реимов 27-қарашада таңертең ұсталып, тергеу абақтысына қамалған болатын. 28-қарашада сот оны тұтқынға алу мәселесін қарап, қолдаухатты ішінара қанағаттандырды.