«Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов күдікті ретінде танылған қылмыстық істі тергеуге байланысты компания акцияларын пайдалануға 100% тыйым салынды.
28-қарашада сот Реимовты қамауда ұстау туралы қаулы шығарып, 25 млн теңге сомасындағы кепілзат белгіледі.
«Бүгін біз тергеушіге кепізат өткізуге талпындық. Бірақ ол аяқ астынан сырқаттанып қалды. Мен тергеу басқармасының басшысы Рустам Әбдірахмановтың қабылдауына кіруге тырысып бақтым, бірақ ол да орнында болмады. Қазір кепілзатты өткізу үшін қайтадан оның қабылдауына кіруге тырысамыз. Маған «полиция департаменті бізге кепілзат өткізуге қасақана кедергі жасап, оны қабылдамауға тырысып бағуда» деген ой келді», – деді Kursiv.kz тілшісіне күдіктінің адвокаты Әлімжан Оралбай.
Сонымен қатар, қорғаушы «Алматыметроқұрылыстың» акцияларын пайдалануға толық, яғни 100% тыйым салынғанын айтты.
Естеріңізге салсақ, Реимов 27-қарашада таңертең ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын. 28-қарашада сот оны тұтқынға алу мәселесін қарастырып, қолдаухатты ішінара қанағаттандырды. Реимов алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.