Елден тысқары қоныс аударғандардың мүлігін иесіз деп тану ұсынылды
Қаржы министрі Әлихан Смайылов қайтыс болған тұлғалардың немесе республика аумағынан басқа жаққа қоныс аударғандардың атына 843 мың жылжымайтын мүлік нысандары тіркелгенін хабарлады.
Осыған байланысты, ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірліесіп, қайтыс болғандардың немесе ҚР-ден көшіп кеткендердің иелігіндегі мүлікті иесіз деп тану туралы мәселені шешу қажеттігін атап өтті.
Атап айтарлығы, оның айтуынша, шенеуніктер 25 млн-нан астам мәліметтерді өңдеп, 3,6 млн-нан астам қате деректерді белсенділік қалпына келтірген. Сонымен қатар, тарихи деректерге байланысты қателер де анықталған. Атап айтарлығы, ІшкіІсМин жүйесінде көлік бойынша өңделген 4,5 млн мәліметтердің қате жіберілген 933 мыңы белсендіріліп, ретке келтірілді. Қалғанын, яғни 64 мыңға жуық қате жазбаларды (1,5%), қысқа мерзімде қалпына келтіру қажет.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) жүйесіндегі жер учаскелері бойынша өңделген 3,6 млн мәліметтердің 116 мың мәліметтері белсендіріліп, ретке келтірілген. Алайда министр атап өткендей, «мақсатты тағайындау» жіктеушісінің болмауы салдарынан, жерге берілетін актіні тапсыру кезінде салықты автоматты түрде есептеу күрделі болады.
Бұдан бөлек, жерге берілетін актіні меншік құқығын тіркемей берудің көптеген фактілері бар. Осыған байланысты, АШМ-не «мақсатты тағайындау» жіктеушісін дайындау, жергілікті атқару органдарына – гео-порталдарды жасау кезінде жіктеушіні енгізуді қарастыруды және жер учаскелерін беру кезінде жіктеушіні пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен қатар, жерге берілген актілерді тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігі атап көрсетілді.
«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» жүйесіндегі жылжымайтын мүлік бойынша өңделген 17,3 млн мәліметтердің 2,6 млн-ы белсендіріліп, ретке келтірілді.
«2019 жылғы қаңтардан ШОБ субъектілері және 2019 жылғы тамыздан жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы жүргізіліп жатыр: салық төлеуші негізгі қарызды өтеген жағдайда оған есепетелінген айыппұлдар күшін жояды. Ағымдағы жылғы 1-қарашаға дейін ШОБ субъектілері борышкерлерінің 46% МСБ (91,9 мыңның 42 мыңы) салық рақымшылығын пайдаланды: 13 млрд теңге салық төленген. Оларға салынған 4,4 млрд теңге айыппұлдар күшін жойған. Жеке тұлғалардың 30%-дан астамы (1,4 млн-ның 423 мыңы) салықтар бойынша 10 млрд теңге сомасындағы негізгі қарызды өтеген. Оларға есептелген 2 млрд теңге сомасындағы айыппұлдар күшін жойған. Осы төлемдердің жиынтығы салық бойынша берешекті 5%-ға төмендетуді қамтамасыз етті, қазіргі таңда берешек 221 млрд теңгені құрайды», – деді сөзін түйіндеген Смайылов.