Қ.Тоқаев: Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі

Жарияланды (жаңартылды )
Көлік апаты салдарынан 8 адам қаза тапты

Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында орын алған ірі жол-көлік апатынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. 

«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс»,– деп жазды Президент Туиттер парақшасында.  
 

Айта кетейік, бүгін таңға жуық Қызылорда-Құмкөл тас жолында жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті.
 

Сондай-ақ оқыңыз