Трамп Солтүстік Корея басшысына сес көрсетті

Жарияланды (жаңартылды )
Оның айтуынша, Ким Чен Ын «бәрінен айырылып қалуы мүмкін»

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның жаулық әрекеті оны даму мүмкіндіктерінен айырады деп мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлайды.

«Ким Чен Ын өте есті саясаткер, егер ол жаулық әрекет көрсетсе, қолдағы барынан, тіпті, бәрінен айырылып қалуы мүмкін. Ол Сингапурде менімен ядролық қарудан бас тарту туралы күшті  келісімге қол қойды. Ол Америка Құрама Штаттары Президентінің ерекше қарым-қатынасынан айырылғысы немесе АҚШ-та қараша айында (2020 ж.) өтетін президенттік сайлауға араласқысы келмейді»,– деп жазды ол Tуиттер парақшасында. 

 «Солтүстік Корея Ким Чен Ынның басшылығымен зор экономикалық әлеуетке ие, бірақ ол уәде еткендей, ядролық қарудан бас тартуы керек. НАТО, Қытай, Ресей, Жапония және бүкіл әлем бұл мәселеде бір пікірді ұстанады»,– деп қосып өтті Трамп.

Бұған дейін Солтүстік Корея Сохэ ғарыш айлағында маңызды сынақ жүргізіп, оның ойдағыдай өткені хабарланған еді.  

Айта кетейік, КХДР АҚШ-пен кезекті саммит өткізуге қызығушылық танытып отырған жоқ. Солтүстік Корея СІМ кеңесшісінің пікірінше, осы уақытқа дейін өткен кездесулер тек АҚШ үшін тиімді болған
   

Сондай-ақ оқыңыз