Ресурстар

Атамбаевқа психиатриялық сараптама тағайындалды

Онымен бірге екі депутат та осындай процедурадан өтеді

Қырғызстанның ІшкіІсМині елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа сот-психиатриялық сараптама тағайындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша 15 күдіктіге де осындай сараптама тағайындалған, олардың ішінде Жоғорку Кеңештің (парламент) екі депутаты да бар. Осылай, ҚР бұрынғы президенті тиісті тексеруден өту үшін Психикалық денсаулықтың республикалық орталығына жіберілді. 

Естеріңізге салсақ, 7-тамызда Бішкектен 20 шақырым жердегі Қой-Таш ауылында Қырғызстанның Мемлекеттік қауіпсіздігінің ұлттық комитеті елдің экс-президенті Атамбаевты ұстауға талпыныс жасап, оның арты бұрынғы мемлекет басшысының жақтастарымен текетіреске ұласқан болатын. 

Қақтығыс 8-тамызда да жалғасын тапты. Осы күні Атамбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.  Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 7-8-тамызда Бішкекте және оның маңындағы елді-мекендерде орын алған қақтығыстар салдарынан, 132 адам зардап шеккен.

Бұдан бұрын, Атамбаевтың бірнеше ауыр қылмыстар бойынша күдікке ілінгені, оның ішінде, жаппай тәртіп бұзушылықты ұйымдастырғаны және тамыз оқиғалары кезінде адам өлтіруге талпынғаны үшін күдікке ілінгені туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар, оған Бішкектегі Жылу электроцентралын модернизациялау және астанадағы жылу электроцентралына көмір жеткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін айып тағылып отыр. Атамбаев айыпты болып танылғын тағы бір қылмыстық іс 2013 жылы қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату болып табылады.