Тоқаев студенттердің стипендиясын 25%-ға көтеруді тапсырды

Жарияланды
Соңғы рет стипендия 2016 жылы көтерілген-ді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қаңтардан студенттердің стипендиясын 25%-ға көтеруге өкім берді, деп хабарлайды «Интерфакс».

«2020 жылғы 1-қаңтардан бакалавриат, магистратура, докторантура студенттерінің стипендиясы 25%-ға көтерілсін. Бұл 130 мың адамды қамтиды. Аталмыш шара біздің студенттер үшін жақсы қолдау болады», – деп мәлімдеді Токаев Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатта. 

Сонымен қатар, президент стипендияның соңғы рет 2016 көтерілгенін еске салып өтті.

«Естеріңізде болса, сол жылдың қыркүйегінде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан 122 мың оқушылардың стипендиясы 30%-ға көтерілген болатын-ды. Менің тапсырмам бойынша үкімет 2020 жылғы қаңтардан арнайы орта білім алып жатқан колледж студенттерінің стипендиясын 25%-ға көтереді», – деп атап өтті Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз