Қазақстанда Тәуелсіздік күні және Жаңа жылда жолға қосымша поездар жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» хабарлайды.
Поездар келесі бағыттар бойынша сапар шегеді:
• №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» – 2019 жылғы 17- және 31-желтоқсан мен 2020 жылғы7-қаңтар күні;
• №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» – 14- және 28-желтоқсанда, 2020 жылғы 4-қаңтарда;
• №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» – 2019 жылғы 13-, 15-, 17-, 30- және 31-желтоқсанда, 2020 жылғы 3-, 4-, 7-қаңтарда.
«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» жолаушылардан поездар қозғалысы туралы ақпаратты Бірыңғай анықтама қызметінің 105 (стационарлық телефоннан хабарласу тегін) телефоны арқылы біліп отыруды өтінеді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, №301/302 «Алматы-Новосибирск» бағытындағы жолаушылар поезы бір рет рейске шығады: 2020 жылғы 2-қаңтарда Алматыдан, ал 2020 жылғы 4-қаңтарда Новосибирскіден кері қарай жолға шығады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мереке күндерінде Ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша поездар шығарады.
Естеріңізге салсақ, «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұдан бұрын Тверьден жаңа жаңа вагондардың алынғанына қарамастан, 1980-,1990- және 2000-жылдардағы вагондар техникаляқ қараудан өткеннен кейін адамдарды тасымалдауды жалғастыратыны туралы айтып берген-ді.