«Қайраттың» экс-капитаны мәскеулік «Локомотивке» ауысуға жақын
Қазақстан құрамасының ойыншысы және Алматы «Қайратының» бұрынғы капитаны өзінің мәнсабын Ресейдің Преиьер-лигасында жалғастыруы әбден мүмкін.
Мәскеудің «Локомотиві» жартылай қорғаушының өз командасының сапында болғанына үлкен қызығушылық танытып отыр, тараптардың келіссөздері шешуші кезеңге шықты. «Теміржолшылар» Исламханға 1 млн еуро жылдық еңбеақы төленетін 2+1 схемасындағы контракт ұсынып отыр.
Естеріңізге салсақ, соңғы алты жылда Бауыржан «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, команда үшін ойнаған 197 матчта қарсыластар қақпасына 56 мәрте гол соққан. 2019 жылғы 31-желтоқсанда 26-жасар хавбектің Алматы клубымен келісімі аяқталады, Исламхан оны ұзартпады, команда сапынан кеткен ол, қазіргі таңда еркін агент мәртебесінде.
Transfermarkt порталы Исламханды 2,4 млн еуроға бағалап отыр.
«Локомотив» – Ресейдің үш дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының 2019/20 топтық турнирінің қатысушысы. Ағымдағы маусымда мәскеуліктер 19 турдың нәтижелері бойынша Ресей кәсіби лигасының кестесінде бесінші орында тұр, команда көш бастап тұрған «Зениттен» 11 ұпай артта келеді.