Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды басшы лауазымдарға жұмысқа тұрғызады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар тұлғаларды мемлекеттік қызметтегі басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
«Мәселе премьер-министрмен келісілді. Біз мүгедектігі бар тұлғаларды мемлекеттік органдарға кеңінен жұмысқа орналастыратын боламыз, атап айтарлығы, басшы лауазымдарға», – деді сенат қалтарысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Көрнекілік үшін, министр мысалға құрылысшы мүгедектікті құрылысшы алған жағдайды келтірді.
«Егер тағдырдың жазымы бойынша бұрынғы құрылсшы мүгедектік алды делік, бірақ о бәрібір манан болып қала береді ғой. Сондықтан ол құрылыс ісі жөніндегі комитетте департамент директоры, басқарма басшысы және тағы басқасы болып болып қызмет ете алады емес пе. Өзіміздің азаматтарды экономикалық белсенділік танытуға шақырған осындай кешенді шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді мақсатын түсіндірген министр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылуда. Нұрымбетов айтқандай, шетелдерде мүгедектігі бар азаматтар министр, депутат лауазымдарында жұмыс істеп жүр екен.
Жаңалықты жаңа жылдан қолданысқа енгізу жоспарлануда.
Атап айтсақ, қазіргі таңда ведомство мәліметтері бойынша, елімізде 600 мыңнан астам мүгедектер өмір сүріп жатыр екен. Олардың ішіндегі 425 мыңға жуығы еңбекке жарамды жастағы адамдар. Өз кезегінде, олардың 106 мыңы жұмыспен қамтылған.
2019 жылы квоталау аясында мүгедектегі бар 5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар халықтың басқа да әлжуаз топтарымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған еңбекпен өнімді қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы халықтың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету шараларына басымды тәртіппен қатысуға құқылы.