Шымкент әкімдігі ішкі аудит қызметінің басшысы Сламов А. 11-желтоқсанда алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл турасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлайды.
Шендіге тоғыз миллион теңге айыппұл салынып, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымдарында болу құқығынан айырылған.
«Сламов А. қаланың білім беру басқармасына қарасты «Музыка колледжі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнында (МКҚК) 201-8-2019 жылдары кезеңіндегі аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығару үшін колледж директорынан 1,2 млн теңге сомасындағы ақшаны алдау жолымен иемденді, деген күдікке ілінген болатын», – делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 4-қарашада осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарланған-ды.