Қазақстан баспасөз еркіндігі индексінде 158-орынды иеленді
Жарияланды
Көш басында - Норвегия
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде Қазақстанды 180 елдің арасында 158-орынға жайғастырды.
Сөз бостандығы мен журналистика саласындағы жағдай сарапталатын индексте Қазақстан осымен екінші рет 158-орынды иеленіп отыр.
Қырғызстан 83-орынға тұрақтаса, Ресей – 149, Өзбекстан – 160, Қытай – 177 орынға табан тіреген.
Баспасөзі ең еркін ел деп Норвегия танылса, оның ізін ала Финляндия, Швеция, Нидерланды мен Дания келеді.
Ал «аспасөзі еркін емес» елдердің қатарына Выетнам (176), Қытай(177), Эритрея (178), КХДР (179), Түркменстан (180) жатқызылған.