«Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас директорына 15 млн теңге айыппұл салынды
Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) ұлттық комапаниясы (ҰК) АҚ (үлестің 100% облыстық әкімдікке тиесілі) бас директоры Б.К. Дүйсембаевқа қатысты тергеуді аяқтады.
«Павлодар» ӘКК бас директорына 10-желтоқсанда 15 млн теңге айыппұл салынды және ол пара алғаны үшін айыпты, деп танылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің хабарламасында Б.К. Дүйсембаев құрылысы аяқталмаған нысанды бағалау жөніндегі қызметті көрсеткені үшін кәсіпкерлерден бұрын келісілген бір миллион теңгенің 500 мың теңге сомасындағы параны алғаны үшін күдікке ілінгені туралы айтылған
Бұдан бұрын, Павлодар олблысы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің сотталғаны туралы хабарланған болатын. Олар бизнеске қысым көрсетіп, сыра қайнататын зауыт иелерінен ақша талап еткен еді.