Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының үздік хоккейшілерді анықтау жөніндегі комиссиясы 14-ші жарыс аптасының лауреаттарын атады.
«Барыс» форварды Корбэн Найт ҚХЛ-дағы өткен жеті ойынның нәтижелері бойынша үздік шабуылшы деп танылды, ол үш матчта 6 (3+3) ұпай жинап, оның тиімділік көрсеткіші (+3) құраған.
Естеріңізге салсақ, 29-жасар Найт елордалық командаға 2019 жылғы жазда қосылған-ды. Осы маусымда ол
ҚХЛ-дағы 38 матчта өнер көрсетіп, 25 (12+13) ұпай жинады.
«Барыс» қонақта өткізген үш ойынның екеуінде жеңіске жеткен, ал Найт соққан шайба «Торпедоға» қарсы ойында команданы жеңіске жеткізген-ді.