
Белгілі ақын, әнші Төреғали Төреәлініі жетінші баласы дүниеге келді. Келіншегі Толқын қыз босанды. Бұл туралы әншінің продюсері Жан Мұқанов хабарлады.
«Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Төреғали ТөIреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші бала. Киелі жетілік!», – деп жазды продюсер.
Оның айтуынша, сәбидің есімі әлі қойылмаған. Продюсер оқырмандарына сәбиге қандай есім қоюға болатынын сұрады. Халық ұсынған есімдердің арасынан бірі таңдалуы мүмкін екенін де айта кетті.
Мұның алдында Төреғали Төрәлі отбасымен Түркістанға көшіп келген еді.
Осыған дейін отбасының 3 ұл, 3 қызы бар болатын. Олардың бірі ерекше бала Кәусар есімді қыз. Төреғали осы қызының атынан қайырымдылық қор ашқан еді.